Өлшемі 18*26 см курьерлік пакет берік, мөлдір емес үш қабатты жоғары қысымды полиэтиленнен (ЖҚП) дайындалған. Материалдың қалыңдығы – 60 мкм. Сыртқы қабат – жазулар, таңбалар, логотиптер салуға арналған ақ тегіс полиэтилен. Ішкі қабат – пакеттің ішіндегісін сыртқы зақымданудан сенімді қорғайтын және толық құпиялылықты қамтамасыз ететін су өткізбейтін қара түсті полиэтилен.
Курьерлік пакеттер шағын көлемдегі сынбайтын салымдарды (кәдесыйлар, тұқымдар, кеңсе тауарлары) курьерлік қызметтермен немесе сәлемдемелер және бандерольдермен жібергенде қаптау үшін жарамды. Пакеттер ылғалданбайды, жыртылмайды, тесілмейді, созылмайды, тауарларды немесе
құжаттарды сенімді қорғайды. Пакеттің беріктік сипаттамалары сапалы дәнекерленген жіктерінің болуына байланысты артады және курьерлік қызмет үшін өте қолайлы.
Бұдан басқа, пакет перманенттік желімнің болуымен ерекшеленеді, онда желімделген бір қабатты екіншісінен бөлу бір немесе екі қабаттың да бетіне зақым келтіреді. Барлық осы артықшылықтарына қарамастан, пакеттің бағасы айтарлықтай төмен.